«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰЖАТТАРЫН ТАПСЫРУЫ ТИІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.

Біз өз кезегімізде оқырмандарымызды толғандырған сауалдарды тиісті органдарға жолдап, олардың жауабын газет бетінде жариялайтын боламыз. Хабарлама мәтіні түсінікті жазылып, оны жолдаушының аты-жөні, мекенжайы толық көрсетілуі қажет. Бұл жолғы сауал Есіл ауданынан келіп түсті.

Кенжегүл Қайрақбаева, Есіл ауданы Қарағаш ауылының тұрғыны:

– Мен жалғызбасты анамын. Алты перзентім бар. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында берілетін 15 мың теңге жәрдемақыны былтырдан бері ала алмай отырған жайым бар. Бұл көмек түрінен не себепті қағылып отырғанымды біліп берсеңіздер.

Оқырманның бұл сауалына Есіл ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру орталығының директоры Бауыржан Қайролла жауап береді:

– Оңтүстіктен көшіп келген Кенжегүл Сағындыққызының құжаттары бұрынғы мекенжайы бойынша тіркелгендіктен, оған аталмыш жәрдемақыны беру мүмкін болмай отыр. Жағдайды түзету үшін Кенжегүл Қайрақбаева барлық қажетті құжаттарын Есіл аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру орталығына әкеліп тапсыруы тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp