«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК КРИМИНАЛИСТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда облыс криминалистерінің кәсіби байқауы өтті. “Динамо” стадионында қызметкерлер қоян-қолтық ұрыс бойынша күш сынасып, одан кейін Макаров тапаншасымен мергендіктерін тексерді. Сондай-ақ, қызметкерлерге еліміздің заңнамасы бойынша білімдерін көрсету қажет болды.

Қызметкерлердің дене дайындығына ерекше назар аударылып, жұмыстағы кәсіби жетістіктері де ескерілді.

25 қатысушының ішінде полиция майоры Жақсылық Уәлиев үздік криминалист атанды. Өткен жылы ол 185 тергеу және жедел-іздестіру іс-шарасына, оның ішінде ауыр қылмыс түрлері бойынша 39 оқиға орнын қарауға қатысты. Оқиға орындарынан алынған іздер 22 қылмысты ашуға мүмкіндік берді.

Екінші және үшінші орынды Тайынша ауданынан келген полиция майоры Анатолий Шушковский және жедел криминалистика басқармасының бас криминалисі, полиция капитаны Аман Тұғымбаев иеленді.

СУРЕТТЕ: Ж.Уәлиев.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp