«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ӘКЕМНІҢ ӨНЕГЕСІ — ӨМІРЛІК МҰРАТЫМ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда жерлесіміз, сазгер, журналист Шашубай Малдыбаев редакциямызда қонақта болып, ұжым мүшелерімен емен-жарқын әңгімелескен еді. Сыр-сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

– Шашубай Ғалымұлы, алдағы жылы ғасырлық тойын атап өткелі отырған қарашаңырақ – облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газетінде сіздің де қолтаңбаңыз сайрап жатыр. Кезінде есімдері өңір жұртшылығына белгілі болған айтулы азаматтармен бірге қызмет істедіңіз. Сол сәттерді есіңізге түсіріп көріңізші.

– Ол кезде газет “Ленин туы” деген атаумен жарық көретін. Қасиетті Қызылжар жұртшылығы “өңір баспасөзінің қарашаңырағы” деп қастерлейтін басылым мен үшін өте ыстық. Керегесі қазақтың небір ардақты перзенттерінің еселі еңбектерімен, кестелі, көркем сөзімен, өткір мақалаларымен керілген газеттің орны қашанда бөлек. Әкем – Ғалым Малдыбаев “Бостандық туы” кезінде бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарған. 1926-1927 жылдары ақын Мағжан Жұмабаевпен кездескенін өмірінің соңына дейін айтып жүрді. Менің де осы руханият ордасына келуіме, біріншіден, әкем ықпал етті десем артық айтқандығым болмас. 1971 жылы басылым ғимаратына имене бас сұққанда әрбір кабинетте “атақтарынан ат үркетін” тау тұлғалы ағаларымыз отыратын. Газеттің, тілшілердің сол кездегі қоғамдағы беделі бүгінгі жас журналистерге аңыз сияқты көрінуі мүмкін. Сол жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан, марқұм Уәрә Нұрпейісов ағамыз ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды. Серік Хасенов, Мұхаметқали Нұрғожин, Абай Қазиев, Рәшит Бәдірленов, Сұлтан Темірханов, Амандық Әбжанов, Мереке Тұралин есімді азаматтар қызмет атқарды. Олар болашақта қаламгер боламын деген жас буын өкілдерін тәрбиеледі. Әрісі Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Жақан Сыздықов, Мәжит Дәулетбаев, берісі Сейітжан Омаров, Сафуан Шәймерденов сияқты атақ-даңқы алысқа жайылған қаламгерлердің қызмет еткені байырғы басылымның үлкен мектеп болғанын аңғартады. Газет аптасына бес рет шығады. Күнде сағат түнгі екі-үшке дейін, газет баспаханаға берілгенше жүреміз. Алдымыздағы ағалардың айтқандарын екі етпеуге тырысатынбыз.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №23 (28.02.2019ж.) санынан оқи аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp