Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның облыстық департаменті 2019 жылғы 28 ақпан күні сағат 11.00-де “Ашық есік күні” өтетінін хабарлайды. Шараға қатысуға ниет білдіргендер облыс орталығындағы Интернационал көшесі, 60 мекенжайында орналасқан департаменттің ғимаратына келе алады.
Шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының негізгі бағыты жайлы ақпараттар беріліп, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын көрсету үшін әкімшілік мекемеге экскурсия ұйымдастырылады.