«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ КӘДЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара өтіп, жиналған қауымға тіл үйірер дәмді тағамдар ұсынылды. Университет қабырғасында бұл мереке бір апта бойы аталып өтпек. Шараның мақсаты – бір шаңырақ астында тұратын қазақстандықтарды бейбітшілікке, тату-тәтті өмір сүруге, өзара сыйластыққа шақыру, тағдырдың жазуымен қазақ топырағына аяқ басқан талай этнос өкілдерінің халқымыздың қонақжайлығына деген ризашылығын дәріптеу болып табылады.

– Әртүрлі этностардың ұлттық киімін киген бірінші және екінші курстарда оқитын қыздар университетке келушілерді жылы жүзбен қарсы алды. Алғыс айту күніне орай қорап та жасадық. Оған студенттер мен оқытушылар, кез келген адам әріптестеріне немесе құрбы-құрдастарына арнаған хатын сала алады, – деді кафедраның аға оқытушысы Мәдина Тұмырзаққызы.

 

Жиналған жұрт шараны ұйымдастырушы оқытушылар мен студенттердің қолдан жасаған бұйымдарын тамашалады. Шара барысында тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы сияқты ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Студенттер 1 наурыз күні білім ордасында өтетін мерекелік концертке дайындалуда.

Маржан АҒЫБАЙ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің 2-курс студенті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp