«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«АЛТЫН АДАМ» ӘЛЕМДІ АРАЛАП ЖҮР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Татарстан Республикасында наурздың 15-де «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылады.

Бұл көрме Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру мақсатында ұйымдастырылған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы  аясында 15 наурыз-15 сәуір аралығында «Қазан Кремлі» қорық-музейінде өтеді. Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорынан  127 жәдігер ұсынылмақшы.

«Алтын адамның» көрмесі бұған дейін Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Польша және Оңтүстік Кореяда үлкен жетістікпен өтті. Көрме үстіміздегі  жылдың соңына дейін жер шарының  тағы алты еліне баратын болады.

Қазақстанның символына айналған  «Алтын адамның» сүйегін өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында  Алматының маңайындағы Есік қорғанынан  археолог Кемал Ақышев тапқан болатын.

 https://www.inform.kz/kz/altyn-adamnyn-zergerlik-buyymdary-tatarstanda-kormege-koyylady_a3505894

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp