«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

19 наурызда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық филиалдарында ашық есік күнін өткізеді. Шара барысында мамандар тұрғындарға қор жұмысы жайлы ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ, зейнетақы жүйесіне қатысты сауалдарға жауап беріледі.

Зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістерге орай түсіндіру шаралары да қамтылады. Қор мамандарының айтуынша, зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру болып отыр. Жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы биылдан қолданысқа енгізілді. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін қорға жүгінудің қажеті жоқ. Қорда жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарналары бойынша шоты жоқ болған жағдайда алғашқы жарна түскен кезде шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) іске қосылғаны белгілі. Енді тұрғындар төрт төлемді, яғни мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын, БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарнаны бір уақытта жүзеге асыра алады.

Ашық есік күні Петропавл қаласы, Бөкетов көшесі, 31 А мекенжайында орналасқан “БЖЗҚ” АҚ облыстық филиалында өткізіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp