«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бір апта бойы облыс аумағында жүргізілген «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Оның мақсаты – қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту және оларды болдырмау, көшелерде құқықтық тәртіпті қадағалау болатын.

Іс-шара барысында облыстық және қалалық жолдарда бақылау күшейтілді. Петропавлдан шығаберісте полиция қызметкерлері «Volkswagen» шағын автобусын тоқтатты. Оның 58 жастағы жүргізуші Мамлют ауданы мен облыс орталығының арасында жолаушы тасымалдаумен айналысып жүр екен. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға оның рұқсаты болмапты.

-Сондай-ақ, жолаушыларға арналған сақтандыру полисі болмаған, – дейді  жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Көктайғақ кезінде жол апаттарының саны артатынын естен шығармаған жөн. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Жедел-профилактикалық іс-шара өткен күндері жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 23 фактісі анықталды.

Барлығы 7 күн ішінде тәртіп сақшылары 5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың бір мыңға жуығы жол қозғалысы ережелерінің бұзу болып табылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp