«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, наурыздың 12-13 күндері Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні кей жерлерде күшейе түсіп, 23-28 метрге дейін жетеді.
12-13 наурызда Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түседі, 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады, желдің екпіні ара-тұра 23 м/сек.жетеді.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етіп, төтенше оқиғалардың алдын алу үшін шара қолдануды ұсынады.
СҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы