«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРБИЕ КІЛТІ – САЛТ-ДӘСТҮР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлтымыз қашан да асыл қазынасы – салт-дәстүрі арқылы өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Бұған Уәлиханов ауданының Көбенсай ауылдық мектебінің ұжымы да ерекше мән береді. Жуырда аталмыш білім ордасында өскелең ұрпақ арасында салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды насихаттау мақсатында тәрбие сағаты өтті. Онда әр оқушының ата-анасы бесікке салу, тұсау кесу, сүндет той, сырға салу және өзге де салтымыз туралы бар білгендерін ортаға салды. Әсіресе, оқушылар мен олардың ата-аналары сәбилер өміріне қатысты дәстүрімізді жоғары деңгейде сахналады.

4-сынып оқушысы Болат Аңсат қамшы өру әдісін көрсетті. Ал, Әлмира Шихова “Құйрық бауыр” әнін әуелетіп, қошеметке ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp