Бүгін Петропавлда қаланың және 13 ауданның әкімдеріне арналған біліктілік көтеру семинары өтіп жатыр.
«Өңірлік сананы трансформациялау» тақырыбындағы шара әкімдердің кәсіби біліктіліктерін дамытып, трансформациялық ойлау мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Дәріс оқушылар арасында Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері бар.