«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАПЕРДЕ БОЛСЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қызылжар орман шаруашылығы” КММ-нің қызметкерлері тұрғындар, шаруа қожалықтары және мектеп ұжымдарымен кездесіп, өрт қауіпсіздігі тақырыбында дәріс өткізіп жатыр.

Орман шаруашылығы мамандарының айтуынша, оқушыларға сақтық шараларын әрдайым есте сақтау және орындау тақырыбында бейнемультфильм көрсетілді. Барлық қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.

– Осындай шаралар өрт қаупі мол маусым жақындағанда жыл сайын ұйымдастырылады. Оған бір мыңнан астам адам қатысуда. Басты мақсат – тұрғындардың осы бағыттағы сауаттылығын арттыру, сақтық ережелеріне үйрету және табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру. Наурыз айының соңына дейін 182 дәріс өткізуді жоспарлап отырмыз. – деді «Қызылжар орман шаруашылығының» инженері Рүстем Жанахметов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp