«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕГЕН ТИІМДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ЕС-164/6 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер бір жыл бойы “Шмагнов” жеке кәсіпкерлігінің жылыжайында еңбектенуде.  

Темір тордың арғы жағындағы тіршілік қатты аязға, аптап ыстыққа қарамастан, қызу қайнап жатады. Биылғы қыста да жазасын өтеп жатқандар көкөніс жинауға білек сыбана кірісті.Қыз-келіншектер жылыжай жағдайында топырақты органикалық тыңайтқыштармен нәрлендіру, топырақты құрғату, өсімдіктерді құрт-құмырсқадан сақтау шараларын жүргізді. Әйелдердің баптап өсірген “Евпатория”, “Ажур” және “Мазарини” сұрыпты қызанақтары экологиялық таза, нитраттарсыз және улы химикаттарсыз. Тұтынушылар тарапынан да бұл өнімдерге сұраныс артқан.

Ал қиярлар осымен үшінші рет жиналып отыр. “Пикник”, “Афродита” және “Хрустяшки” сұрыптылары мол өнім беруде. Мұнда әйелдер сонымен қатар лимон мен құрма тұқымдарын отырғызды, бүгінде өсімдік сабақтары 15 сантиметрге жетіп, алғашқы өнім беруге дайын.

Игі бастаманың осындай оң нәтижесін көріп, ЕС-164/6 түзеу мекемесінің басшылығы мен “Шмагнов” ЖК тағы бір жылыжай ашуды көздеп отыр. Онда құлпынай, саңырауқұлақ және гүлдердің баубақшалық сұрыптары өсірілетін болады.

Жазасын өтеушілер жылыжайдағы жұмысы үшін еңбекақы алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp