«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА СЕРІКТЕС ТАПТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин “DAZN” стримингтік телеарнасымен келісім жасасты.

Бұрнағы күні стримингтік компанияның басшылығы қазақстандық кәсіпқой боксшымен келісімшартқа отырғанын ресми мәлімдеді. “Келісім жүзеге асты! “GGG” жекпе-жектерін “DAZN”-нан көріңіздер”, – деп жазды сервистің Твиттердегі парақшасы.

Головкинмен келісімшарт жасауға “Premier Boxing Champions”, “Showtime” және “ESPN” сервистері де үмітті болған. Бірақ бәрін “DAZN” басып озды. “The Ring” журналының журналының инсайдері Майк Коппинджердің жазуынша, 7 наурыз күні келісімге қол қойылған. Енді қазақстандық боксшы үстіміздегі жылғы алғашқы кездесуіне маусым айында шығады деп күтілуде. Үшжылдық келісімшарт аясында ол жылына екі кездесу өткізеді. Сондай-ақ стримингтік компания “GGG Promotions” компаниясына 2020-2021 жылдары төрт бокс кешін ұйымдастыруға уәде етіп отыр.

Геннадий Головкиннің “DAZN”-мен келісімге келуі оның Сауль “Канело” Альвареспен үшінші рет жұдырықтасу мүмкіндігін арттыра түспек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp