«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА КӨБЕЙЕ ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша 2019 жылы “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында құрылысы жоспарланған 3 355 пәтер “7-20-25” бағдарламасы бойынша саудаға қойылмақ.

“7-20-25” бағдарламасы бойынша қолжетімді пәтерлердің ең көп саны Шымкентте (1282 пәтер), Ақтөбеде (605 пәтер) және Солтүстік Қазақстан облысында (411 пәтер) беріледі. Бұған дейін “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкінің салымшылары арасында бөлінген болатын. Алайда, тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістердің енгізілуіне байланысты жыл басынан бері “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге “7-20-25” бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды.
Бағдарлама қатысушылары тұрғын үйді сатып алу кезінде пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алу жағдайында пәтерлердің болуын және сипаттамаларын жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет.
“Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде негізінде 1-2-3-бөлмелі пәтерлер салынады. Пәтерді әкімдіктер арқылы сатып алған жағдайда “7-20-25” бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлемдердің болжамды есебі төмендегідей. Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларындағы пәтерлер үшін ай сайынғы төлем: (қарыз мерзімі 25 жыл болған жағдайда) 1-бөлмелі пәтерге (37 ш.м жоғары) 37 317 теңге; 2-бөлмеліге (50 ш.м жоғары) 50 888 теңге; 3-бөлмелі пәтер үшін (65 ш.м жоғары) 66 154 теңге болмақ. Қалған өңірлердегі пәтерлердің ай сайынғы төлемі (қарыз мерзімі 25 жыл болған жағдайда) 1-бөлмелі үшін 29 400 теңге, 2- бөлмелі үшін 39 579, ал 3-бөлмелі пәтер үшін 51 453 теңгені құрайды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp