Ақмола облысының Щучье қаласында қысқы спорт түрлерінен мектеп оқушылары және колледж студенттері арасындағы IX республикалық спартакиада өз мәресіне жетті. Тартысты сайыста 16 команда сынға түскен болатын.
Бірнеше күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Қызылжар өңірінің намысын қорғаған өрендер жалпыкомандалық екінші орынға тұрақтады. Атап айтқанда, жерлестеріміз президенттік көпсайыста топ жарса, допты хоккейде екінші болды. Қыздар шаңғы жарысы мен конькимен жүгіруден – екінші, ал ер балалар спорттық бағдарлау, конькимен жүгіру және шаңғы жарысында үздік үштікті түйіндеді.