«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛ ҮЙРЕНУ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мамандарының қатысуымен жыл сайын облысымызда «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді игеру деңгейін анықтауға сертификаттық  тестілеу өткізіледі. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Кемел Оспановтың келтірген деректеріне қарағанда, 2016 жылы республикалық  тестілеуге 2600, 2017 жылы-5115, ал былтыр 1981 адам қатысқан. Өткен жылы 156 адам Ұлттық тестілеу орталығының сертификатын алған.  

Былтыр Айыртау, Жамбыл, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардың өкілдері сертификаттау тестілеуіне мүлдем қатыспаған. Дүйсенбі күні өткен облыстық әкімдіктің отырысында өңір басшысы осы аудандардың әкімдерін қатаң сынға алып, жағдайды түзеуге нақты тапсырма берді.

Өңіріміздегі  499 мектепке дейінгі мекеме мен 485 жалпы білім беретін мектепте халықаралық стандарт негізінде мемлекеттік тіл оқытылады. Былтыр мектеп түлектерінің 76,4 пайызы В1 деңгейінде қазақ тілін игерді. Бүгіндері облыс халқының 13,5 пайызы үш тілді біледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp