«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСПАНА МАМЫР АЙЫНАН БАСТАП БЕРІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Үкімет әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтарға  баспананы мамыр айында таратамыз деп отыр.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Нұр Отан» партиясының съезінде атқарушы билікке  берген тапсырмасы бойынша алдағы 7 жылдың ішінде 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынуы қажет.  Ал ондай баспана «көпбалалы отбасылар» санатына кіретін барлық азаматтарға берілмейді, тек әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар арасында ғана таратылады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес,республика бойынша баспана кезегінде 487 756 адам тұр. Осы азаматтардың ішінде 216 464 адам – әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылғандардың арасында 28 126 көпбалалы ана бар.

 «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалдамалы пәтер салу жұмысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Содан бері бір мыңнан астам көпбалалы отбасы осындай баспанаға ие болды. Мәселен, 2017 жылы 707 отбасы жалдамалы пәтер алса, 2018 жылда 486 көпбалалы отбасы арендалық үйге кірді.  

https://www.inform.kz/kz/kopbalaly-otbasylarga-arnalgan-arzan-baspana-kalay-beriledi_a3505962

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp