Петропавлдағы Спорт сарайында есту қабілеті нашар балалар арасында шағын футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Бұл жарысқа биыл алаң иелерімен бірге Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары, Астана мен Алматы, Шымкент қалаларынан келген 8 команда қатысуға ниет білдіріпті. Республикалық чемпионат үшінші жыл қатарынан Петропавл қаласында өтіп жатыр. Солтүстікқазақстандық спортшылар 2 жыл бойы күміс жүлдегер атанды.
Шағын футболдан өтіп жатқан республикалық чемпионат 4 күнге жалғасады.