«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде №2 полиция бөлімінің ғимараты ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, қала әкімі Марат Тасмағанбетов, облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы, сала ардагерлері және кент тұрғындары қатысты.

Вокзал, Жұмысшы кенті, “Береке” шағынауданы, Өндірістік аймақтағы криминогендік жағдайға жауапты 116 тәртіп сақшы бұған дейін Мичурин көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан болатын. 1950 жылы салынған екі қабатты ғимаратта жеке құрамды толық орналастыру мүмкін болмаған соң департамент басшылығы жаңа ғимарат тауып берді.

Жөндеу жұмыстары жүргізілген нысанда заманауи фронт-офис, кезекші бөлім, акт залы, кабинеттер мен асхана қарастырылған. Бұл жерде тәулік бойы учаскелік полицейлер, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі және пробация қызметінің инспекторлары жұмыс істейді. Полиция бөлімі толықтай компьютерлендірілген. Барлық құқық қорғау органдарының мәліметтер базасына кіру мүмкіндігі бар. Ол жүйе мұнда жеткізілген азаматтарды есептеулер бойынша тексерістен өткізуге, іздеуде болған-болмағанын, айыппұлдар бойынша қарыздың бар-жоғын білуге мүмкіндік береді.

Мичурин көшесіндегі ескі ғимаратқа облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасын орналастыру жоспарлануда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp