Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры қала мектептерінің оқушыларына «Қасірет» қойылымын ұсынды.
Бір жарым сағаттық спектакль нашақорлық дертіне шалдыққан жас жігіттің қасіретті тағдыры туралы баяндайды.
Бүгінде нашақорлық өршіп барады. Облыс бойынша 700-ге жуық нашақор арнайы тіркеуде тұр екен. Олардың арасында кәмелет жасына жетпегендер де бар. Осыған орай Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы түрлі деңгейде шаралар ұйымдастыруда.