«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұдан былай елімізде балаларына қоқан-лоққы көрсетіп, зорлықта ұстаған ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл туралы Сенатта өткен әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет отырысында Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова әңгімеледі.

Халық қалаулылары “Балалар құқығын қорғаумен айналысатын ұйымдардың жұмысын реттейтін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңды қабылдады. Бұрын әлімжеттікке бой алдырған ата-аналар тек әкімшілік жазамен құтылатын. Балалардың құқығын қорғау жөніндегі облыстық комиссиялардың құзыры да көңіл көншітерлік емес-тін. Енді аталмыш орган заңға енгізілген өзгерістер негізінде нақты шешімдер қабылдап, кінәлілерді жауапқа тарта алады.

“Қиын жағдайға тап болған балалар бар. Оларға психолог мамандар көмекке келеді. Бұрын зорлық көрген ұл-қыздар жекелей білім алатын, жаңа заң негізінде олар оқуды мектепте баршамен бірге жалғастыратын болады”, – деді Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp