«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙГЕРІМ ТАСБОЛАТОВА – УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Университет аруы” атты сұлулық байқауы өтті. Оған қыр гүліндей әсем әрі өнерлі 12 қыз қатысып, бақ сынады.
Университет аруы атанып, тәжге ие болғысы келген нәзік жандар сайыстың бірінші кезеңінде өздерін таныстырып, өлең оқыды. Екінші кезеңде өнерлерін ортаға салды. Байқау жеңімпазы Әйгерім Тасболатова Мұқағали Мақатаевтың “Аққулар ұйықтағанда” поэмасынан үзінді оқып, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Кейін үміткерлер ұлттық нақышта тігілген көйлектерімен сахнаға шығып, өздері дайындаған тағамдарын қазылар алқасына ұсынды.
Қатысушыларға арнайы диплом мен ағылшын тілі курстарына арналған сертификат табысталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp