«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

BOEING 737 MAX ҰШАҒЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 13 наурызынан «СКАТ» әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалуды уақытша тоқтатты.

Қазақстандық тізілімде бұл үлгідегі бір ғана әуе кемесі тіркелген екен. 2017 жылдың қараша айында «СКАТ»  компаниясы америкалық «Boeing» компаниясымен жаңа үлгідегі Boeing 737 MAX 8 маркалы ұшақтардың алтауын сатып  алу туралы  келісім жасаған болатын. Алғашқы ұшақ былтыр сәуір айында әкелініпті.

Еске сала кетейік, Эфиопияның Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан Boeing 737 MАХ ұшағы апатқа ұшыраған болатын.  Осыған орай Еуропалық Одақ аумағында Boeing 737 MАХ ұшағын пайдалануға да уақытша шектеу қойылыпты.

https://www.inform.kz/kz/kazakstan-boeing-737-max-ushagyn-paydalanuga-shekteu-koydy_a3506648

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp