Облыстық полиция департаменті биылғы жылды “Есірткі бизнесімен күрес жылы” деп жариялап, жастар арасында ғасыр індетіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыруда. Тәртіп сақшыларының мұрындық болуымен жуырда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Қасірет” қойылымы сахналанды. Туындыны тамашалауға өңіріміздің жастары шақырылды.
Оқиға бір отбасында өрбиді. Ортасына сыйлы ерлі-зайыптының жан дегенде жалғыз ұлы нашақорлық жолға түсіп, есірткінің жетегінде кетеді. Ақыр соңында сырқатының салдарынан ата-анасынан және ғашығынан айырылады. Сүйген қызы Тоғжанның жүкті болуы да жігіттің нашақорлықтан бас тартқыза алмайды. Ұлдарының бұл қылығына төзе алмаған ата-ана қайғы жұтып, оқиға соңында көз жұмады.
Қойылым жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың “Нашақор туралы новелла” драмасының желісімен қойылған.
Өткен жылы облысымызда есірткі қылмысына қатысты 263 заңбұзушылық фактісі анықталған. СҚО ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаевтың айтуынша, есірткіні шамадан тыс тұтынудың 140 фактісі анықталып, соның екеуінде 12 жастағы жеткіншектер жауапқа тартылған. Бүгінде облыста 686 нашақор есепте тұр. Олардың төртеуі – кәмелетке толмағандар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 25.12.2024
- 1 қаралым
- 25.12.2024
- 1 қаралым
- 25.12.2024
- 1 қаралым
- 25.12.2024
- 1 қаралым
- 25.12.2024
- 1 қаралым