«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.03.2019

МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру керек. Қазақстанның ертеңі – білімді, мәдениетті, тәрбиелі ұрпақ. Өңірімізде өнерде де, білімде де, спортта да биік белестерден көрініп жүрген өрендер жетерлік. Солардың бірі – Қызылжар ауданындағы Бәйтерек орта мектебінің оқушысы Самира Абдурахманова.

ӨНДІРІСТІ ӨРІСТЕТКІМ КЕЛЕДІ

Мамандық таңдау түлектер үшін ең маңызды шешімдердің бірі екені белгілі. Болашақ мамандықты адаспай таңдаған жастың өмірде де жолы болады. Бұл орайда мен дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын.

СӨЗ ҚАДІРІН ТҮСІНЕТІН ЖЕТКІНШЕК

Айтыс – атадан балаға мирас болып қалған ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Бүгіндері сөз өнерін меңгеруге ұмтылыс танытып жүрген жастар аз емес. Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушысы Диас Аяған бірнеше бәйгеде топ жарды. Жақында дарынды жаспен сұхбаттасудың сәті түсті.

ЕКПЕ САТЫП АЛЫНАДЫ

Қазір Еуропа елдерінде қызылша ауруының көрсеткіші жоғары. Соның ішінде Украина, Сербия, Франция, Италия мен Ресей, Қырғызстан елдерінде де сырқаттар саны басым. Оның басты себебі ретінде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қызылшаға қарсы вакцинамен қамту төмен көрсеткішке ие екенін алға тартады.

ҚАЙЫРЫМДЫ ІС

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мамандары мен пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар облыстық қан орталығына келіп, 11 литрге жуық қан тапсырды. ЕС 164/1 түзеу мекемесі бөлімінің бастығы Екатерина Говоркова осымен алтыншы рет донор атанып отыр. “2017 жылдан бері қан тапсырып келемін. Осындай қайырымды істерге баршамыз бір адамдай жұмылуға тиіспіз. Қан тапсыру адам ағзасына өте пайдалы”, – …

ҚАЙЫРЫМДЫ ІС Read More »

ТОП ЖАРДЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Алматы қаласында керлингтен өткен Қазақстан Республикасының ІІІ қысқы Жастар ойындарынан жүлделі оралды.

БОЛАШАҚ ЭКОНОМИСТЕР

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде “Экономика” мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында “За нами экономика” атты халықаралық олимпиада өтті.

ОТАН ҚОРҒАУ – АБЫРОЙ

Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Себебі, қай мемлекеттің болмасын тыныштығы мен тұрақтылығы оның әскеріне байланысты. Қорғанысы күшті елді жау да, дау да ала алмайды.

АРМАНЫМ – ЖУРНАЛИСТ БОЛУ

Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар жастар ел келешегінің іргетасын қалайды. Міне, мен де биыл 11-сыныпты бітіргелі отырмын. Алдымда сан тараулы жол тұр. Әрбір түлек болашақ мамандығын өзінің қарым-қабілетіне қарай таңдайды. Мен кішкентайымнан ақ қағаз бен қаламға үйірмін. Бірте-бірте көркем жазуға деген ықыласым артты. Осылайша, болашақта қаламы қарымды …

АРМАНЫМ – ЖУРНАЛИСТ БОЛУ Read More »

АДАМҒА ОРТА КЕРЕК ТҰҒЫР БОЛАР

Қазіргі таңда жастар арасында жүрген орта, араласатын адам таңдауға қатысты екіжақты пікір қалыптасқан. Яғни, біреулер жаныңдағы жолдастарың мінез-құлқыңа, жалпы өміріңе ықпал етеді деп ойласа, екіншілері бұл пікірмен келіспейді. Расымен де, орта таңдау қаншалықты маңызды? Мұны жастардың өздерінен сұрап білейік. Назарларыңызға Ғалия Амангелді мен Асқар Мәжиттің арасында өрбіген диалогты ұсынамыз.

МАРАТ МҰҚАНОВ

Этнограф, тарих ғылымдарының докторы Марат Мұқанов 1929 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген. Әкесі – жазушы Сәбит Мұқановтың жолын қуып, қолына қалам алған ол 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдайды. Еңбек жолын Өскемен қаласында тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері болып бастаған.

ЕСКІ ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ

Тәртіп сақшылары екі жыл бұрынғы қылмысты ашты. Қарақшылық шабуыл 2017 жылдың күзінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда жасалған. Урожайное ауылындағы үйлердің біріне баса-көктеп кірген ер адам 21 жастағы үй иесін пышақпен қорқытып, барлық ақшасын алып кеткен. Болған жағдайдан кейін есеңгіреп қалған ауыл тұрғыны полицияны бірден шақырмағандықтан, жабулы қазан жабулы күйінде қалды.

АМАЛ КҮНІНІҢ АЖАРЫ

Жаңғыру мен жаңарудың, береке мен молшылықтың бастауы саналатын, Күн мен Түн теңеліп, тіршілік атаулы шаттыққа кенелетін әз-Наурыз – күллі Шығыс халқына ортақ мейрам. Жыл өткен сайын Ұлыстың ұлы күнінің мәні мен мағынасы артып, тамыры тереңдеп келеді. Еліміздің батыс өңірінде наурыздың 14-і күні амал, яғни көрісу мерекесін атап өту игі дәстүрге айналған. Енді жас пен кәріні …

АМАЛ КҮНІНІҢ АЖАРЫ Read More »

АУЫЛ АЛАМАНЫНЫҢ АЛДЫ

Соңғы жылдары облыс орталығында ғана емес, шалғай ауылдарда да спорт қанатын кеңге жаюда. Бұған дейін қазақ күресі мен бокстан бағы жанып келген ауыл баласы енді футбол, волейбол сияқты командалық спорт түрлерін де игеріп, бәсі биік додаларда өңір намысын абыроймен қорғауда. Бұған қоса облысымызда кенже дамыған қысқы спорт түрлерінде де серпіліс бар. Бұған биылғы “Солтүстік – …

АУЫЛ АЛАМАНЫНЫҢ АЛДЫ Read More »

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

Шаршы алаңда жеңіліс дәмін татып көрмеген “IBO International” және “WBC Continental Americas” титулдарының иегері, қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) кәсіпқой рингтегі 15-ші кездесуінде мексикалық Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) қолғап түйістіреді.

БАЛАНДИН БАБЫНДА

Словенияның Крань қаласында жүзуден өтіп жатқан халықаралық жарыста 23 жастағы Дмитрий Баландин төртінші алтын медаліне қол жеткізді.

РИНГКЕ ҚАЙТА ОРАЛМАҚ

Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Леннокс Льюис әлемнің экс-чемпионы Майк Тайсонмен кездесу үшін рингке қайта оралуға дайын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Күміспен күптелді Ақмола облысының Щучье қаласында қысқы спорт түрлерінен мектеп оқушылары және колледж студенттері арасындағы IX республикалық спартакиада өз мәресіне жетті. Тартысты сайысқа 16 команда қатысқан болатын.

АЛДАР КӨСЕ

Әпенді мен Алдар көсе Ыстықкөл жағалауын айналып жүр екен. Алдар көсе Әпендіден: – Қожеке, мына көлдің суы неше шелек екен? – деп сұрапты. Әпенді ойланбастан: – Осы көлдей шелек тапсаң, бірақ шелек шығады, – деген екен.

АРЫСТАН МЕН ТЫШҚАН

Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың бедерінде ұйықтап жатып, бір тышқанның ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезеді. Арыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып: