«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҚТАН ТҰТАМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресейде тұратын қазақтар тарихи Отанымыз – Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарын әрдайым мақтан тұтамыз. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық және басқа да бағыттарда биік белестерді бағындырды. Біз осындай жағымды жаңалықтар елімізде көп бола берсін деп тілейміз.

Мемлекет басшысы бастаған “Nur Otan” партиясы екі онжылдықта тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ауқымды реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқан танымал саяси күшке айналғанын нық сеніммен айтамыз. Жуырда Астана қаласында өткен “Nur Otan” партиясының XVIII съезінде оның 2030 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасы қабылданды.
Мемлекет басшысының әлеуметтік қолдауды күшейту және Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ауқымды шаралары ұсынылған “Nur Otan” партиясының кезекті съезі тарихқа енді. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру, аз қамтылған азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу, білім беру мен денсаулық сақтауды жақсарту, өңірлерді кешенді дамытудың бірінші кезектегі міндеттері белгіленді.
Қомақты әлеуметтік инвестициялар халықтың мемлекеттік қолдауды қажет ететін әртүрлі топтарын қамтиды, оның ішінде табысы төмен отбасылар да бар. Күнкөрістің төменгі деңгейі бойынша атаулы көмек көрсету шегін 70 пайызға арттыру арқылы табысы аз отбасыларды қолдау ауқымы ұлғаяды. Көпбалалы отбасылардағы әрбір балаға ең төменгі төлем 20 789 теңгені құрайды. Сонымен қатар, мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға және отбасыларға (тұлғаларға) берілетін жәрдемақылар 30 пайызға артады. 2019-2021 жылдарда бұл шараларға 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінетіні қуантады.
Одан басқа, Қазақстанда азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру жөніндегі жұмыстар күшейе түсетіні айтылды. “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға арнап қырық мыңнан астам жалға берілетін пәтер салынбақ. Сол үшін жыл сайын қосымша 50 миллиард теңге бөлінеді. Осы санаттағы адамдар үшін Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы жылына 2-3 пайыздық үстемемен ипотека берудің жеңілдетілген тетігін әзірлеуді тапсырды. “Nur Otan” партиясының съезі Қазақстанның өз азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған ерекше үлгідегі әлеуметтік мемлекет екенін тағы да дәлелдеді.


Есенғали ИБРАЕВ, Түмен облысы қазақтарының  ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы, дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp