«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде №2 полиция бөлімінің жаңа әкімшілік ғимараты ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, қала әкімі Марат Тасмағанбетов, облыстық полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы, ардагерлер және шаһар тұрғындары қатысты.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтің айтуынша, полиция органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар өңірдегі криминогендік ахуалды тұрақтандыруға оң ықпалын тигізуде.
– Бөлімнің 116 тәртіп сақшысы вокзал маңы, Жұмысшы кенті, “Береке” шағынауданындағы қоғамдық тәртіпке жауап береді. Полицейлер бұған дейін Мичурин көшесі, 4 мекенжайындағы ескі әрі тар ғимаратта отырды. Тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алуда сенім үдесінен көрінуге күш салады, – деді Берік Сұлтанғазыұлы.
Нысанда заманауи фронт-офис, кезекші бөлім, кең акт залы, қызметкерлерге арналған кабинеттер мен асхана бар. Полиция қызметкерлері мен келушілерге барынша ыңғайлы жағдай жасалған. Полиция бөлімі толықтай компьютерлендірілген. Барлық құқық қорғау органдарының мәліметтер базасына кіру мүмкіндігі бар. Ол жүйе мұнда жеткізілген азаматтардың есебін жүргізуге және тексерістен өткізуге, айыппұлдар бойынша қарыздың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Мұның барлығы халық пен тәртіп сақшылары арасында тығыз байланыс орнатып, полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.


Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.
Суретті түсірген  Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp