Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Леннокс Льюис әлемнің экс-чемпионы Майк Тайсонмен кездесу үшін рингке қайта оралуға дайын.
“Мен 100 млн. АҚШ доллары төленген жағдайда, боксқа оралуға дайын екенімді айттым. Бұрынғы боксшыларды көргенде мен оларды спортқа қайтадан алып келсе ғой деп ойлаймын. Ол спортшылар өздерін басқа салада сынап көре алмайды. Олар жұдырықтасуды ғана біледі. Сондықтан қайта шаршы алаңға келгендері жөн”, – дейді Леннокс Льюис.
Льюис пен Тайсон 2002 жылдың 8 маусымында жұдырықтасқан болатын. Сол кезде британиялық боксшы сегізінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірген еді. Льюис 2003 жылы кәсіби мансабын аяқтаса, Тайсон 2005 жылы спортпен қош айтысты.