«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа  «Халық қаһарманы» атағын беріп, «Алтын жұлдыз» орденін табыс етті.

«Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің Қазақстан Республикасының Президенті қызметімдегі бірінші шешімім  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы»  Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы» атағын беремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-elbasyny-altyn-zhuldyz-ordenimen-marapattady_a3509303

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp