«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИXИ ТҰЛҒАНЫҢ ТАРИXИ ШЕШІМІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Бұл – тариxи тұлғаның тариxи шешімі». Белгілі саясаттанушы, тарихшы ғалым, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөніндегі шешіміне қатысты осылай пікір білдірді.

Ғалым Елбасы қиын-қыстау уақыттан елді аман алып шыққанын атап өтті. «Шын мәнінде Тұңғыш Президент өте қиын, күрделі кезеңде ел тізгінін қолына алды. Кеңестік Қазақстаннан Тәуелсіз Қазақстан қалыптастыру жолында үлкен жауапкершілікті мойнына жүктеді. Қиын-қыстау уақыттан елді аман алып шықты», – деп жазды Берік Әбдіғали әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдарында жаңа ұрпақ өсіп-жетілген. Мемлекеттің даму үрдісін жалғастыратын тұлғалар қалыптасқан.

«Осының бәрі мемлекеттік саясатта сабақтастық жүретінін көрсетеді. Үлкен өзгеріс болады деп ойламаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың Тұңғыш Президент деген мәртебесі сақталады. Nur Otan партиясының төрағасы қызметінде қала береді. Соңғы өзгерістерге байланысты Қауіпсіздік кеңесі төрағасының құзыреті кеңейді.  Тәуелсіздік жылдары Тұңғыш Президенттің ел қуатын еселеуге қосқан еңбегі мен үлесі шексіз. Қазақ мемлекеті жаңғырды. Шекарамыз белгіленіп, мемлекеттік рәміздеріміз анықталды. Тәуелсіздік құндылықтары қалыптасты. Қазақстан әлемге танылып, ғаламдық саяси процестерге белсенді араласа бастады. Осы 30 жыл қазақ тариxында «Нұрсұлтанның Нұрлы жолы» деген атаумен қалады», – деп жазды Берік Әбдіғали.

  https://www.inform.kz/kz/berik-abdigali-bul-tarixi-tulganyn-tarixi-sheshimi_a3509168

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp