«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аса қадірлі Елбасы!

Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері!

Қымбатты отандастар!

Кеше, 19 наурызда, бүкіл әлем жұртшылығы аса маңызды тарихи оқиғаға куә болды.

Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған Ұлы тұлға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты.

Елбасының бұл маңызды шешімі оның жаһандық деңгейде және тарихи ауқымда танылған саяси қайраткер ретіндегі ұлылығын көрсетті.

Это решение продиктовано соображениями высшего порядка, истинной заботой о будущем нашего государства.

Біз барлық жетістіктерімізге, ең алдымен, Қазақстан Республикасының қастерлі Тәуелсіздігіне Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік.

Елбасы Кеңес Одағы күйреген тұстағы аса күрделі геосаяси жағдайда жаңа мемлекеттің негізін қалап, оның көшін бастады.

Көптеген теріс болжамдарға қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді барша әлемге мойындата білді.

Дүние жүзі картасында даму мен демократияның, бейбітшілік пен келісімнің шынайы символына айналған мемлекет пайда болды.

Елбасымыз Қазақстан тарихында тұңғыш рет жаңа мемлекеттік институттарды қалыптастырды.

Олардың қатарында Президенттік институт, қос палаталы Парламент, мемлекеттік қызмет, қарулы күштер, дипломатиялық қызмет, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары бар.         

1995 жылы Ата заңымыз қабылданды.

Конституцияға енгізілген мазмұнды өзгертулер бас құжатымызға, шын мәнінде, демократиялық сипат берді.

Елбасының басшылығымен Қазақстанда экономиканы жаңғыртуға бағытталған реформалар жоспарлы түрде жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттің саяси жүйесінде елеулі өзгерістер болды.

Құрылымдық реформалар мемлекет дамуының басты қозғаушы күшіне айналды.

Елбасының жанында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен адам ретінде нық сеніммен айтарым: Президент өзінің еңбек жолын биік мақсатқа – халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арнаған бірден-бір тұлға болып саналады.

Нурсултан Абишевич Назарбаев уже вошел в мировую историю как выдающийся реформатор. Он сумел трансформировать Казахстан в современное, передовое государство, вошедшее в группу 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. Его экономические и политические реформы стали символом мудрой государственной политики. Поэтому зарубежные эксперты дали название реформам Елбасы «Казахстанский путь» или «Казахстанская модель».

Реформы Елбасы вывели Казахстан на траекторию устойчивого развития. Республика Казахстан по всем экономическим показателям стала лидером центрально-азиатского региона, заняла передовые позиции на постсоветском пространстве.

Казахстан сумел аккумулировать в Национальном фонде крупные финансовые ресурсы, что позволяет решать первоочередные задачи социально-экономического характера в кризисных ситуациях.

Елбасы взял курс на привлечение инвестиций в экономику. Благодаря этому  Казахстан стал лидером всего постсоциалистического пространства, включая Центральную Европу, по объему прямых иностранных инвестиций на душу населения. В нашу страну поступило более 300 миллиардов долларов прямых иностранных инвестиций.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нарықтық экономикасы бар қуатты мемлекет құру ісіне білек сыбана кірісті.

Қиындыққа толы осы жолда ол теңдессіз табыстарға қол жеткізді.

Елбасының Әр Жолдауында, әсіресе, 2018 жылдың наурыз және қазан айларындағы жолдауларында, сондай-ақ Nur Otan партиясының ХVIII съезінде сөйлеген сөзінде ел мүддесін көздеген шынайы жанашырлық көрініс тапты.

Ел азаматтарына әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған бұл құжаттар басқа елдерде баламасы жоқ бірегей шараларды қамтиды.

Наше государство стало территорией гармонии, согласия, толерантности между всеми народами и религиозными конфессиями. Прочный мир, национальное единство в девятой мире по территории стране является важнейшим фактором обеспечения международной стабильности и безопасности.

Еще на заре Независимости был создан уникальный институт – Ассамблея народа Казахстана. Благодаря историческому синтезу мировых религий, языков, культур и традиций в Казахстане сформировалось общество, в котором мир и согласие стали неотъемлемой частью нашей политической культуры. Разработанная Елбасы модель мира и общественного согласия получила мировое признание как эталон гармоничного развития общества.

Қазақстан халқының ортақ тарихи тағдыры, сондай-ақ, Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген табыстарымыз «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасында баяндалды.

Бұл құжатта баршаға ортақ мақсат, ортақ мүдде, халқымыздың кемел келешегі үйлесім тапқан.

Елбасының ұсынысымен ұлт бірлігін нығайту жолында қуатты күшке айналған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданды.

Тәуелсіздік жылдарында ұлттық ұстанымға адал, шынайы сүйіспеншілік рухында тәрбиеленген жас азаматтардың тұтас бір буыны қалыптасты.

Бұған Елбасы жүзеге асырған жастар саясатының, мазмұны бірегей «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларының ықпалы болды.

Елбасының қажырлы еңбегінің арқасында халқымыз төл тарихында тұңғыш рет өзін туған жердің заңды иесі сезінді, баршамыздың жүрегімізді Отан үшін мақтаныш сезімі кернеді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары елімізді жаңғыртуға, Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Бұл халықаралық аренадағы тұрақсыздық пен дағдарыстар жағдайында аса маңызды болып отыр.

Қазіргі Қазақстан – нарықтық экономикасы қалыптасқан, демократиялық әрі зайырлы мемлекет.

Елімізде жекеменшік институты орнығып, орта таптың жағдайы жақсарды және кәсіпкерлік қарқынды дами түсті.

Барлық өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер уақытылы шешімін тауып келеді.

Несмотря на финансово-экономические кризисы на международных рынках в Казахстане успешно продолжается процесс реформ и модернизации экономики, последовательно укрепляется индустриальная мощь, внедряются научные разработки в производство, осуществляется цифровизация экономики и общественной жизни.

В нашей стране реализуются такие программы,как: «Дорожная карта бизнеса», «Агробизнес», «Программа занятости».

На очереди завершение стратегически важных инфраструктурных проектов. Это – программа «Нұрлы жол», Западный Китай – Западная Европа, Транскаспийский международный транспортный маршрут. Казахстан по сути превращается в транспортно-логистический хаб глобального значения, что значительно усилит его экономический потенциал.

Казахстан занял достойное место и в мировом образовательном пространстве. Наша страна находится в первой трети мирового списка Индекса человеческого развития по уровню грамотности взрослых. Казахстан вошел в группу государств с высоким уровнем человеческого развития.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің арқасында «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Әлеуеті айрықша «Назарбаев университеті» құрылып, барлық облыс орталықтарында зияткерлік мектептер ашылды.

Еліміздің әр өңірінде қазіргі кезеңнің талаптарына сай заманауи мектептер салынды.

Мыңдаған азаматтарымыз шетелде және ел ішінде сапалы жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Важными факторами экономического и социального прогресса Казахстана стали здоровье нации, развитие сферы здравохранения и формирование здорового образа жизни.

Достигнуты положительные показатели, касающиеся здоровья населения, продолжительности жизни людей, уровня рождаемости. Все эти достижения признаны Всемирной организацией здравохранения.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы төл мәдениетіміздің дамуына тың серпін берді.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, «Тамғалы» ескерткіштері және басқа да тарихи нысандардың ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұраларының тізіміне енуі халқымыз үшін айрықша маңызы бар оқиға болды.

Жаңа Елордамыздың бой көтеруіне Тұңғыш Президентіміздің сіңірген еңбегі ерекше.

Астананың құрылысы Елбасының тарихи ерлігі саналады.

Бас қаламыз Тәуелсіз еліміздің шынайы бет-бейнесіне, халқымыздың мақтанышына айналды.

Елорда жаңа мемлекеттің идеологиясы ретінде киелі ұғымға ие болды.

Астанамыз, шын мәнінде, өткеннің құндылықтарын дәріптей отырып, күллі әлемге Қазақстанның жаңа бейнесін паш етті.

Елордамыз саммиттер және басқа да маңызды халықаралық кездесулер өтетін ірі орталық ретінде қалыптасты.

2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған «ЭКСПО» көрмесі өтті.

Историческая заслуга Елбасы состоит также в том, что Казахстан впервые в своей национальной истории обрел юридически зафиксированную международными соглашениями государственную границу. Теперь это граница добрососедства и сотрудничества, что исключительно важно в современных геополитических реалиях.

Нурсултан Абишевич Назарбаев признан во всем мире как инициатор создания Евразийского Экономического Союза, как убежденный сторонник Евразийской интеграции. Он стоял у истоков таких авторитетных международных организаций, как Содружество Независимых Государств, Шанхайская Организация Сотрудничества, Совещание по взаимодействию и мерам доверия в Азии. Благодаря Елбасы в Астане состоялся исторический саммит ОБСЕ, на регулярной основе проводятся Съезды мировых и традиционных религий, многие другие международные форумы.

Казахстан стал авторитетным, влиятельным участником глобальных миротворческих процессов, был избран в Совет Безопасности ООН, получил мировое признание как лидер глобального движения за ядерное нераспространение и разоружение, а также как беспристрастный посредник в межрелигиозном диалоге.

Біз, қазіргі және келешек ұрпақ өкілдері, Елбасының саяси мұрасын жадымыздан шығармай, қадір тұтып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи еңбегіне лайықты құрмет көрсетуіміз қажет.

Елбасының халқымызға және әлем қауымдастығына сіңірген ерен еңбегі мен ұлы есімін мәңгі есте сақтауымыз керек.

Бұл халқымызды, әсіресе, жастарды тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеп, Елбасының даңқты қызметін әділ бағалау үшін маңызды.

Считаю необходимым увековечить имя нашего великого современника, Первого Президента Республики Казахстан Нурсултана Абишевича Назарбаева следующим образом.

Наша столица должна носить его имя и называться Нурсултан. Такое предложение уже высказано парламентариями в Декларации, принятой 23 ноября 2016 года по случаю 25-летия Независимости Республики Казахстан.

Далее. Воздвигнуть монумент в честь Первого Президента Республики Казахстан в столице нашего государства.

Назвать центральные улицы всех областных городов именем Нурсултана Абишевича Назарбаева.

Думаю все согласятся, что Елбасы достоин награждения высшими званиями нашего государства – Халық қаһарманы и Еңбек Ері.

Следует также Предоставить Елбасы статус Почетного сенатора.

Все портреты и фотографии с изображением Первого Президента, Елбасы останутся в качестве непременного атрибута публичных помещений, кабинетов госслужащих, зданий учебных заведений.

Вся жизнедеятельность Елбасы будет обеспечиваться в соответствии с законом о Первом Президенте – Лидере Нации и другими законодательными актами. За Елбасы сохраняется вся служебная инфраструктура.

При этом нужно исходить из того, что согласно принятым Парламентом законам Нурсултан Абишевич Назарбаев остается единственным и пожизненным в нашей стране Елбасы (Отцом народа).

Он также является Председателем Совета Безопасности, Председателем партии Nur Otan, Председателем Ассамблеи Народа, членом Конституционного Совета. Авторитетное мнение Елбасы будет иметь особое, можно сказать, приоритетное значение при разработке и принятии решений стратегического характера.

Таким образом, мы осуществляем передачу власти в спокойной, неконфликтной ситуации, что является мощным фактором обеспечения внутренней стабильности и укрепления международного авторитета Казахстана. В этом еще одно проявление высокой политической культуры нашего народа, его исключительной мудрости. Это также хороший пример для будущих поколений.

Бүгін, осы жоғары мінберден өзімнің саяси ұстазым Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа әлемдік дамудың күрделі кезеңінде Ел Президенті ретінде мемлекетті басқаруыма зор сенім артқаны үшін шын жүректен Алғыс айтамын.

Полностью осознавая весь масштаб ответственности предстоящей миссии, планирую направить свои знания и опыт на всемерное обеспечение преемственности стратегического курса Елбасы.

Баршамызға ортақ мақсат – Елбасының басты саяси және тарихи мұрасы – мемлекетіміздің Тәуелсіздігін сақтау және нығайту.

Добровольно сложив с себя полномочия Президента, Нурсултан Абишевич Назарбаев вновь показал всему миру свою государственную мудрость как великий политик, приверженный демократическим ценностям. Именно в этом качестве он вошел в отечественную и мировую историю.

В этот важный момент развития нашего государства все общество должно сплотиться вокруг идеи дальнейшего строительства процветающего, демократического, справедливого Казахстана.

Алдымызда ел болашағы үшін атқарылатын ауқымды әрі күрделі жұмыстар тұр.

Барлық күш-жігерімді, білімімді Қазақстан игілігіне жұмсауды, халқымызға адал қызмет етуді басты міндет санаймын.

Благодарю присутствующих в этом зале депутатов, членов Правительства, государственных служащих, представителей общественности и средств массовой информации, дипломатический корпус за понимание и поддержку.

Аса қадірлі Елбасы!

Құрметті қауым!

Менің Қазақстан Республикасының Президенті лауазымындағы бірінші шешімім – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңға және «Мемлекеттік наградалар туралы» Заңға сәйкес тәуелсіз Қазақстанды орнатуға қосқан тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамуға, Қазақстан қоғамын топтастыруға сіңірген аса зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы» атағын беремін.

http://www.akorda.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp