Бүгін 20 наурыз, сәрсенбі күні сағат 12.00 Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рәсімі өтеді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат”.
Бұл рәсім Елбасының өз өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына сәйкес белгіленді.
Кеше Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттігін тоқтату туралы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды уақытша басқаратынын айтқан болатын.