«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛЕУСІНОВТІҢ АЛТЫНШЫ ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізді.

АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен жекпе-жекте отандасымыз мексикалық Сильверио Ортиспен (37-24, 18 КО) қолғап түйістірді. Сегіз раундқа жоспарланған кездесу барысында Данияр басымдық танытты. Отандасымыз қарсыласын жетінші раундта нокдаунға түсірді. Осылайша, төрешілердің шешімімен жеңіс Данияр Елеусіновке берілді. Есеп 79:70, 79:71 және 79:71.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp