Төрткүл әлем көз тіккен чемпиондар лигасының 1/8 финалы өз мәресіне жетті.
Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребесі тартылды. Жарыстың 1/4 финалында мына командалар өзара кездеседі: “Аякс” (Голландия) – “Ювентус” (Италия), “Ливерпуль” (Англия) – “Порту” (Португалия), “Тоттенхэм” (Англия) – “Манчестер Сити” (Англия), “Барселона” (Испания) – “Манчестер Юнайтед” (Англия).
Алғашқы ойын 9-10, қарымта матч 16-17 сәуір күндері өтеді. Жартылай финалда “Тоттенхэм” – “Сити” жұбының жеңімпазы “Ювентус” пен “Аякс” арасындағы матч жеңімпазымен ойнайды. Ал “Барселона” – “МЮ” арасындағы ойында жеңген команда “Ливерпуль” – “Порту” матчының жеңімпазымен кездеседі.
Жартылай финал матчтары 30 сәуір және 7 мамырға жоспарланған. Финал 2 маусымда Мадридте (Испания) өтеді.