«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОТАЙ – КӨНЕ ОЙЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақта тәрбиелік мәні зор, баланың ойлау қабілетін арттырып, ептілікке үйрететін ұлттық ойындар аз емес. Сақа – сондай ойындардың бірі. Бірақ бір кем тұсы, оның ережесі еш жерде жазылмаған. Ұлттық спорт түрі саналатын ойынды қайта жаңғырту үшін үш жыл бойы ізденіп, көпті көрген аға буын өкілдерінен ойын жайлы мағлұматтар іздей бастадым.

Өңірімізде ұлттық ойындарды насихаттап жүрген азаматтардың бірі, асық ату бойынша аға жаттықтырушы Қуат Хайруллинмен бірігіп, бұрынғы “Сақа” ойынын жаңартып, оны “Ботай” деп атауды жөн көрдік. Бұған жылқының алғаш рет біздің облыста, яғни Ботай қонысында қолға үйретілгендігі, қазба жұмыстары кезінде жылқы сүйектерінің табылғандығы себеп болды.
“Ботай” ойыны жылқы мен қара малдың топай сүйектерімен ойналады. Әр жарысқа қатысушының екі асығы, бір сақасы болады. Ойыншылар алаңға өздерінің асықтарын тізіп, оларды сақамен атып, сызықтан шығарып тастауы керек. Асық атуда шеңбер сызылса, Ботайда тік төртбұрыш сызу шарт. Мұндағы әр сызық бір табанды көрсетеді. Бұл жарыс жастарды ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа баулиды.
Алғашқы жарыс “Қызылжар жастары” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында өтті. Олар да болашақта өз оқушылары арасында осындай ұлттық жарыстарды насихаттауға күш жұмылдырады деп ойлаймын.

Ерлік МҰХАМЕДЖАНОВ,  “Қызылжар жастары” қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp