Спорт әлемінде ерлер ғана емес, нәзік жандар да бір-біріне жұдырық сілтеп жатады. Жуырда жасөспірімдер арасында өткен Еуропа чемпионатының элиталық кезеңінде Швейцария мен Ресейдің жас футболшылары жасыл алаңда төбелесіп қалды.
Ойынның 50-ші минуты болатын. Кездесу барысында екі ойыншы арасында туындаған ерегестің соңы төбелеске ұласты. Төреші тәртіпсіздікке жол берген екі футболшыны – швейцариялық Элла Люштина мен ресейлік Диана Паменді алаңнан қуды.
Кездесу қорытындысында швейцарияның жас футболшылары 4:2 есебімен жеңіске жетті.