Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болды.
Премьер-министрдің орынбасары облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен және Төтенше жағдайлар қызметінің басшыларымен бірге тікұшақпен Есіл өзенінің бойындағы негізгі елді мекендерді аралап көріп, Шал ақын ауданына бет алды. Мұнда вице-премьер Сергеев су қоймасында болып, өңірдің су тасқынына әзірлік шараларымен танысты. Жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек өткен жылдары Петропавлдың су басқан шеткері аудандарын да тікұшақпен аралап iшықты.
Одан кейін вице-премьер Қызылжар ауданындағы Новоникольское селосына барды. Мұнда Жеңіс Қасымбек диқандармен алдағы егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы әңгімелесті.