Петропавл қалалық №2 сотында “Отбасылық сот” жобасын жүзеге асыру аясында отбасы кабинетінің салтанатты ашылуы болды.
Жоба отбасы құндылықтарының басымдығын арттырып, ажырасу санын азайтуға, сондай-ақ, балалардың мүддесін қозғайтын дауларды болдырмауға бағытталған.
Отбасы кабинеті үйдің бөлмесі секілді жабдықталған. Балаларға арналған арнайы бұрыш та бар. Мұнда қырғиқабақ ерлі-зайыптыларды татуластырып, оларға отбасының адамға қаншалықты қымбат екендігін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
– Соңғы жылдары облысымызда ажырасқандар саны көбейіп отыр. Ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушіліктің кесірі көп жағдайда еш кінәсі жоқ балаларға тиіп жатады. Соның салдарынан қаншама бала психологиялық дертке шалдығуда. Бұл жобаның қоғамдағы отбасы құндылықтарына деген жауапкершілікті еселей түсетініне сенімім зор, – деді облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов.
Алина НҰРТАЗИНА, “Soltústik Qazaqstan”.