«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЛИМПИАДАҒА БІР ҚАДАМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Джиу-джитсу 2022 жылы өтетін XIX жазғы Азия ойындарының бағдарламасына ресми түрде енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Джиу-джитсу қауымдастығы мәлімдеді.

Бұл шешім Тайланд астанасы Бангкок қаласында Азия Олимпиада кеңесі Бас ассамблеясының отырысында қабылданған. Әлем джиу-джитсуды мойындады. Демек, алдағы уақытта ол олимпиадалық спорт түрі атануы мүмкін.
Соңғы жылдары Қазақстанда джиу-джитсуге деген қызығушылықтың артып отырғаны байқалады. Қазіргі кезде елімізде 15 мыңнан астам адам осы спорт түрімен айналысады. Республикамыздың барлық аймақтарында қауымдастықтың облыстық филиалы жұмыс істейді.
Қазақстандықтар жарыстарда өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетуде. Атап айтқанда, өткен жылы Ақтауда өткен джиу-джитсуден Азия чемпионатында 26 елдің спортшылары бәсекеге түссе, ел құрамасының қоржыны 14 алтын, 23 күміс және 24 қола медальмен майланған болатын. Жалпыкомандалық есепте отандық спортшылар бірінші орынға тұрақтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp