“УЕФА” туриндік “Ювентус” шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты тәртіптік іс қозғады.
Португалиялық футболшы Чемпиондар лигасының 1/8 финалында “Атлетикоға” қарсы матч кезінде жанкүйерлерге қарата ерсі қылық көрсеткен болатын. Бұған дейін “Атлетико” клубының бас бапкері Диего Симеоне де бірінші кездесуден кейін трибунадағы жанкүйерлерге осылай жасаған. Бұл теріс қылығы үшін “УЕФА” тәртіп комитеті аргентиналық маманға 20 мың еуро көлемінде айыппұл салды.
Егер тәртіптік кеңес қатаң шара қабылдаған жағдайда Роналду Чемпиондар лигасының ¼ финалында “Аяксқа” қарсы екі ойынға қатыса алмауы мүмкін. “Ювентус” пен “Аякс” арасындағы алғашқы кездесу 10-ы, ал қарымта матч 16 сәуірде өтеді.