«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРМЕТІМІЗ ШЕКСІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанда көңіліміз толқыды. Аумалы-төкпелі жылдарда елімізді сүріндірмей, қиын сәттерден аман алып шыққан Тұңғыш Президентіміздің еңбегі ұшан-теңіз. Қазақстанды өркениет жолына бастап, қабырғалы халқының сенімін ақтауға тырысты. Сондықтан ол қолдау білдірген халқына Үндеу барысында алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев елімізде саяси тұрақтылықты сақтау арқылы Қазақстанның экономикасын дамытып, әлем мойындаған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Бүгінде экономикасы алға басқан, бірлігі бекем, халқы тату-тәтті Қазақстанға өзге елдер қызыға қарайды. Бұл тұрғыдан келгенде халқымыз Елбасының еңбегін жоғары бағалайды. Тіпті, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға оның ерекше үлес қосқанын шетелдіктер де мойындап отыр.
Есілдің бойына ел қондырған көреген басшының арқасында мемлекетімізде талай ауқымды жобалар, халықаралық шаралар өтті. Қазақстан халықаралық ұйымдарға мүше болды. Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде алдыңғы қатардан көрінуіне сүбелі үлес қосты. Көреген басшының арқасында алдымызға үлкен міндеттер қойып, отыз дамыған елдің қатарынан көріну үшін қазақстандықтар жұдырық болып жұмылуда. Бұл орайда сарабдал саясаткердің “100 нақты қадам” Ұлт жоспары, “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”, “Ұлы даланың жеті қыры” сияқты бағдарламалық мақалаларының ауқымы кең, мазмұны терең екенін айтқым келеді.
Бүгінде жастардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда. Сондықтан елінің жарқын болашағы үшін барлық қажыр-қайратын, білімі мен білігін жұмсаған Нұрсұлтан Назарбаевқа зор ризашылық білдіреміз. Астананы арқаға көшіріп, әлемді тамсандырған Елбасына тұғырлы тәуелсіздік, бейбіт өмір, берекелі жылдар мен жарқын болашақ үшін алғыс айтамын. Көреген басшы, аңыз адамға қазақстандықтардың құрметі шексіз.
Тұңғыш Президентіміз мемлекетіміздің алға қарай жылжуының әр қадамын саралап, пішіп берді. Сондықтан Елбасының сара жолымен тұғырлы Қазақстан одан әрі дамып, өркендейтініне кәміл сенемін. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті өкілеттігін уақытша атқаруға кірісті. Жалпыхалықтық сайлауға дейін ел тізгіні абыройлы, іскер, жауапкершілігі зор азаматтың қолында деп ойлаймын.

Жанар ТАЛАСПАЕВА,  “Рухани жаңғыру” аймақтық жобалау кеңсесінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp