Солтүстікқазақстандық өлкетанушылардың бір тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Үздік өлкетанушы» кеуде белгісімен марапатталды. Олардың арасында ардагер-ұстаз Қайролла Мұқанов, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері Юлия Пискунова және Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы Майра Мақышева бар. Марапаттар Атырау қаласында өткен өлкетанушылардың III Халықаралық форумы аясында тапсырылды.