«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ДА ҚОЛДАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Елордамыздың атауының Нұр-Сұлтан деп өзгертілуіне орай мерекелік концерт болып өтті.

Студенттер мен оқытушылар бас қаламыздың жаңа атауын қолдау шарасын Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырды. Университеттің ғылым және инвестициялар жөніндегі проректоры Ақмарал Ибраева атап өткеніндей, әлем тарихында астананы көшбасшылардың есімімен атау үрдісі бұрыннан бар. “Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан зор. Біз онымен бірге саяси және экономикалық ауыр кезеңді басымыздан өткердік”, – деді проректор.

Шара барысында агро-техникалық факультеттің 2 курс студенті Бекарыс Іздібаев та Елорда атауын өзгерту бастамасын құптады. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы қысқа мерзім ішінде-ақ Қазақстанды әлемге танытты. “Елбасымыз – білікті басшы, сарабдал саясаткер бола білді. Сондықтан астанамыз соның есімімен аталуы тиіс”, – деді ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp