Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Бескөл құс фабрикасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратынан өрт шықты.
Төтенше жағдай түс мезгілінде тіркелді. Оқиға орнына жедел жеткен аудандық №13-ші және Петропавл қалалық №4 өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері жалынның тұрмыстық бөлмеде тұтанғанын анықтады. Құтқарушылардың бірлескен жұмысының нәтижесінде тілсіз жау жарты сағаттың ішінде ауыздықталып, 2700-ден астам құс құтқарылды. Дегенмен, 16 шаршы метр жерге жайылған өрт орнынан жүзге жуық өлі құс табылды.
Мамандар оқыс оқиға электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алды деп болжап отыр.