Қызылжар өңірінде биылғы көктемгі тасқын кезінде автожолдардың бойында 300-ге жуық учаскені су шайып кету қаупі бар, оның 179-ы облыстық жолдарда.
Автожолдардың бұзылуының алдын алу үшін 1826 су өткізгіш құбыр қар мен мұздан аршылыпты, бұл осындай құбырлардың 91 %. Ескі тар құбырлар жаңа, кеңірегімен алмастырылуда. Өткен жылы 20 жаңа су өткізгіш құрылғы орнатылып, бір көпір жөнделген, биыл жолдардың астынан тағы 27 құбыр тарту жоспарланған.