Қызылжар ауданының Преснов ауылдық кітапханасы “Өмірдің мәні – мейірімділікте” атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Кітапханашылар қолдарына ақ лента байлап, көшеге шықты. Олар ауыл тұрғындарын жақсылық жасауға үгіттеп, мұқтаж жандар мен қарттардың жағдайын сұрасты. Акция ұйымдастырушысы Сәуле Жақыпова мүмкіндігі шектеулі жандарға әдеби кітаптар таратты. “Аталмыш акция арқылы өзгенің мәселесіне немқұрайды қарамау керектігін ескерткіміз келді. Жарым жандармен жайма-шуақ әңгімелестік. Олар өздерінің бұл өмірде жалғыз еместігін сезініп, бір серпіліп қалды”, – деді ол.