«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУДАН ҚҰТЫЛҒАН ЖӨН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сергеевка қаласында тәртіп сақшылары тіркеуге қойылмаған аңшы мылтығын тәркіледі. 29 жасар тұрғын заңсыз қаруды гаражында  сақтаған екен. Ол енді 50 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлейді. Жыл басынан бері облыста осындай 25 қару тәркіленген екен.

Тәртіп  бұзып, айыппұл төлемеу үшін өңірде заңсыз сақталған қаруды тұрғындардың өз еркімен тапсыруына мүмкіндік жасалуда. Сәуірдің 10-нан бастап кезекті акция жарияланады.

Өткен жылы солтүстікқазақстандықтар  тіркелмеген 151  мылтық, 3 мыңнан астам патронды полицияға өздері әкеліп тапсырған. Арнайы комиссияның тексеруінен кейін оларға 8 млн.теңге өтемақы төленіпті. Биыл бұл мақсатқа 6 млн.теңге бөлінген.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp