Мектебімізде бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында “Ел боламын десең, бесігіңді түзе!” атты шара өтті. Жиынға қатысқандар өскелең ұрпақ тәрбиесі, олардың болашағы жөніндегі ойларын ортаға салды.
Балалар үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету туралы мақал-мәтелдер сайысында белсенділік танытса, ата-аналар отбасында орын алатын түрлі кикілжіңдерді шешу жолдарымен бөлісті. Бұдан соң жиналғандар отбасындағы тәрбие, ата-ана мен бала қарым-қатынасы туралы бейнесюжет тамашалап, өз пікірлерін білдірді. Олар ырымтыйымның да тәрбиелік мәні зор екендігін сөз етті. Мәселен, ата-әжелеріміздің “босағаны керме”, “тізеңді құшақтама”, “басыңды шайқама”, “түнде жылап, жамандық шақырма” деген өсиеті әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. “Әке – ұлына, ана қызына жақсы тәрбие беруге ұмтылуы керек”, – десті ата-аналар.
Оқушылар шара барысында ән мен жырдан шашу шашып, мың бұрала би биледі.
Әсем СЫЗДЫҚОВА, Семиполка орта мектебінің мұғалімі.
Шал ақын ауданы.