«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.05.2019

МҰРАГЕР

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: – Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсысың маған байлықтарың мен ақылдылықтарыңды көрсетулерің керек, – дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:

KÚLE OTYRAIYQ!

Бір оқушы емтихан тапсырып жатыр. Мұғалім: – Екі жыртқыш аңды айт, – депті. Оқушы: – Арыстан, жолбарыс. Мұғалім: – Енді 5 жыртқыш аңды айт. Оқушы: – 2 арыстан, 3 жолбарыс….

LOGIKALYQ SURAQ

9 қабатты ғимараттың ең жоғары қабатында бір бала тұрады екен. Бұл балаға досы қонаққа келе жатып, жеделсатыдағы 6-қабатты басып, сол жерден түсіпті, қалған 3 қабатқа баспалдақпен жаяу көтеріліпті, не үшін?

БАТЫСТЫҢ ҚАҢСЫҒЫ

Бүгінде денесіне сан түрлі сурет салғызып алғандар көзге жиі ұшырасып жатады. Тіпті, соңғы жылдары мұндай ерсі қадамға баратындардың қатарында қазақтың қаракөз ұл-қыздары да кездесуде. Өзгелерден ерекше көрініп, даралануды қалаған жастар денеге сурет салудың (татуировка) зиянын ескере бермейтіні қынжылтады.

ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА БАУЛУДА

Мұражай – мәдениет ордасы ғана емес, жұртшылықты ұлттық құндылықтарды насихаттауға шақыратын киелі орын. Тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың танымдық ой-өрісін дамыту да мұражай мамандарына жүктелген. Мамандар мұражайға бас сұққан әрбір адамға жәдігерлерді көрсетіп қана қоймай, олардың білім көкжиегінің кеңеюіне атсалысуы тиіс.

АУЫЛ ЖАҚҚА КӨП БОЛДЫ БАРМАҒАЛЫ

Біз — қазақпыз! Бесік жырмен тербелген саф алтындай санамыз, Жерұйықтан басталған бабам айтқан бар аңыз. Ұқсамайтын ешкімге тіл мен ділдің барында, Ай мен Күндей дара боп жарқылдаймыз,  жанамыз!

ЕРБОЛ ШАЙМЕРДЕНОВТІ ЕСКЕ АЛДЫ

Петропавлдағы Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қоғам қайраткері, ақын, журналист Ербол Шаймерденовтің 65 жылдығына орай әдеби кеш ұйымдастырылды. Жамбыл ауданының Жаңажол ауылында дүниеге келген белгілі қаламгер әдебиет саласымен қатар республика көлемінде лауазымды қызметтер атқарды. Еңбек жолын бұрынғы “Ленин туы” газетінен бастаған жерлесіміз 20 шақты кітап жазып шығарды. Оның қаламынан туған “Арман қала – …

ЕРБОЛ ШАЙМЕРДЕНОВТІ ЕСКЕ АЛДЫ Read More »

МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ОЛИМПИАДА ӨТТІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалында« Жаратылыстану» бағытында білім беретін мұғалімдер арасында облыстық олимпиада өз мәресіне жетті. Ол ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Онлайн режимде өткен сайысқа Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының 115 мұғалімі қатысуға өтінім берді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 30 педогог үздік атанды. Жеңімпаздарға салтанатты түрде дипломдар табысталды. http://petropavltv.kz

ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ

Біз бала кезімізде ауыл ақсақалдарының өнегелі әңгімелерін тыңдап өстік. Олардың халқымыздың арғы-бергі тарихы, даңқты тұлғалар, адамгершілік қағидалары жайлы айтқан әңгімелері таңды-таңға ұрып тыңдайтындай әсерлі болушы еді, шіркін! Бүгінде өзім де ақсақал атанып, бала-шағама жиын-тойларда соларды айтып отыруды дағдыға айналдырғанмын. Мен сөз еткелі отырған оқиғаның да өсіп келе жатқан жастар үшін тәрбиелік маңызы зор.

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КАРТАСЫНА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 85 ХАБАРЛАМА ТҮСТІ

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы төрт айдың ішінде Қоғамдық бақылау картасына тұрғындардан 85 хабарлама түскен. Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандарының мәліметінше, телефон нөміріне түскен хабарламалардың 57-сі –қала, қалғаны аудан тұрғындарынан. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты. Сондай-ақ, тұрғындар көбіне денсаулық сақтау саласы (8) бойынша, білім беруге …

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КАРТАСЫНА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 85 ХАБАРЛАМА ТҮСТІ Read More »

«ЗИКСТО» ЗАУЫТЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕНЕТІН БОЛДЫ

Петропавлдағы «ЗИКСТО» машина жасау зауытының мәселесі жақын арада шешіліп, жұмысшыларының еңбекақысы төленетін болды. «ЗИКСТО» АҚ кәсіпорнының жұмысшылары екі айдан бері еңбекақыларын алмаған. СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, бұл жөнінде зауыттың 5 жұмысшысы құқық қорғау қызметі орталығына арызданды. Мәселеге Петропавл қаласының прокуратурасы, еңбек инспекциясы араласып, зауыт жұмысшылар алдындағы қарызын өтейтін болды. «Ресей мемлекетінен сатып алынатын құрамдас …

«ЗИКСТО» ЗАУЫТЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕНЕТІН БОЛДЫ Read More »

ҚАУІПТІ ӨНІМ

Көктем айларында адамның ағзасында дәрумен жетіспейді. Сондықтан бұл мезгілде көкөністер мен жемістерді көп мөлшерде тұтыну қажет. Бірақ кейбір көкөністердің құрамында нитраттардың шамадан тыс болатынын да естен шығармаған жөн.

ЖАДЫМДАСЫҢ, ЖАҢАЛЫҒЫМ!

Жас ұлғайған сайын кіндік қаның тамған ауылыңды сағынып, балалық шағың еске түсіп, терең ойларға батады екенсің. Таза ауасын жұтып, топырағында аунап-қунап, қозы-лақ қуалап, балалық шақтың балдәуренін өткізген алтын бесікті қалайша ұмытуға болады?! Менің туып-өскен жерім – Есіл ауданындағы Жаңалық ауылы. Елден ерте кетсем де, кіндік қаным тамған ауылымның тыныс-тіршілігі көз алдымда. Өкініштісі сол, кезінде атағы …

ЖАДЫМДАСЫҢ, ЖАҢАЛЫҒЫМ! Read More »

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҚАТЕРДЕН ҚҰТҚАРАДЫ

Соңғы күндері өңірімізде бірнеше автокөлік өртке оранды. Жыл басынан бері барлығы 34 техника қызыл жалынның құшағында қалған. Соның салдарынан 3 миллионнан астам теңгенің материалдық шығыны келді. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алған.

МӘСКЕУГЕ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

“ИрАэро” әуе компаниясы 29 мамырдан “Петропавл халықаралық әуежайынан” және Көкшетау қаласынан сәрсенбі, жексенбі күндері “SSJ-100” ұшағымен Ресей астанасы – Мәскеу қаласына дейін тікелей әуе рейсін ашады. Сәрсенбі күні Петропавлдан ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-де ұшып шығып, Ресей астанасындағы Жуковский әуежайына мәскеу уақытымен сағат 8.00-де қонады. Сол күні сағат 00.50-де Мәскеуден кері ұшып шыққан ұшақ …

МӘСКЕУГЕ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ Read More »

ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

Кәсіп ашуға және айналым қаражатын көбейтуге ниетті ауыл тұрғындарының бастамаларын мемлекет тарапынан қаржыландыру жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы өткізген кезекті баспасөз мәслихатында айтылды.

ЖАУАПТЫ НАУҚАН

Өңір диқандары көктемгі егіс жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті. Олар жауапты науқан барысында 4,2 миллион гектар алқапқа дән сіңіруді көздеп отыр.

ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясының атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Оны осы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру шараларынан анық байқаймыз. Комиссия еліміздің барлық аумағында сайлауды ұйымдастыру жəне өткізу мəселелері бойынша шешімдер, сондай-ақ, өзге де құқықтық актілер қабылдайды. Бұл мақсатта Президенттікке кандидаттарды тіркеу барысында бірқатар жауапты жұмыстар да атқарылды.

“БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН, ТЕК ҚАРҚЫНДЫ ҮДЕТУІМІЗ ҚАЖЕТ”

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы жарық көргеннен бері екі жылдан астам уақыт өтті. Осы мерзім ішінде біртұтас ұлт болып ұйысу мақсатында қоғамдық сананы жаңғыртудың, ұлттық кодты сақтаудың маңызды мәселелері қалай шешілуде? Бұл сауалды біз Парламент Мәжілісінің депутаты, “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі Кәрібай Мұсырманға жолдауды жөн көрдік.